Синоптиктер 27 қыркүйекте елімізде күн райы қалай құбылатынын айтты
Қазақстанда 27 қыркүйекте нөсер жаңбыр жауады, жел күшейеді, найзағай ойнайды, тұман түседі, сонымен қатар жаңбыр соңы қарға ұласады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгдромет" РМК жарриялаған болжамға сүйенсек, еліміздің басым бөлігінің ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды, сол себепті жаңбыр жауады, шығыста қатты жаңбыр жауса, солтүстікте жаңбыр соңы қарға ұласады.
Қазақстанның батыс аумағы жоғары қысым аймағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, шығысында – найзағай, солтүстігінде – тұман күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
Болжам бойынша, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан, солтүстік- батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауаның температурасы түнде және күндіз 9-11 градус жылы болады, біртіндеп төмендейді.
Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 градус жылы болады.