Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ешқандай партияда жоқ кандидат президент сайлауына қалай қатыса алады

Ешқандай партияда жоқ кандидат президент сайлауына қалай қатыса алады

ҚР Президенті сайлауында сынға түсуге ниетті кандидат ешқандай партия құрамында болмаса, сайлауға қатыса ала ма? Бұл сауалға орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл сауалдың жауабы «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 55-бабы 3-тармағында нақты айтылған. Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Яғни республикалық қоғамдық бірлестік съезд немесе конференция түріндегі жоғары орган болуы мүмкін. Қоғамдық бірлестік өкілдері оның мүшесі болып табылмайтын адамды кандидат ретінде ұсынуға құқылы» - деп түсіндірді Константин Петров ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, партия құрамында жоқ азамат президент сайлауында кандидат бола алады.
«Кандидаттың белгілі бір саяси партия атынан сайлауға түсуі үшін аталған партияның мүшесі болуы міндетті емес», - дейді ол.
Айта кетсек, ҚР Президенті сайлауына қатысатын кандидаттарға берілетін қол жинау парағын беру уақыты қысқарды.
Сондай-ақ, сайлау бюллетенінде болатын барлық кандидатқа қарсы дауыс беру бағанына қатысты түсінік берілді.
Одан бөлек, ОСК президент сайлауы кезінде мүгедек және ерекше күтімді қажет ететін жандарға жағдай жасау туралы қаулыны бекітті.
26 қыркүйек 2022 ж. 362 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 140

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 146

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031