Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйдің техникалық паспортын қалай ауыстыруға болады?

Үйдің техникалық паспортын қалай ауыстыруға болады?

Сіз мұны бар-жоғы 1 жұмыс күні ішінде және тегін жасай аласыз, деп хабарлайды baq.kz.
Егер сіздің үйіңіздің құжаттары өзектілігін жоғалтса (көше атауы, үй нөмірі және т.б. өзгерсе), онда үйге жаңа техникалық паспорт жасату қажеттілігі туындайды.
Сіз мұны бар-жоғы 1 жұмыс күні ішінде және тегін жасай аласыз. Ол үшін меншік иесіне E-gov порталында немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды өтініш жазу жеткілікті.
Көшенің, елді мекеннің атауын не үйдің нөмірін өзгертуге мәселесі – Бірыңғай байланыс орталығында жиі көтерілетін сұрақтардың бірі. Клиенттердің басым бөлігі құжатқа өзгеріс енгізу 1 жұмыс күні болатынын біле бермейді. Жаңа техникалық паспортты жылжымайтын мүлік иесінің өтініші негізінде алуға болады. Бұл үшін ақы төленбейді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, күн сайын байланыс орталығының 500-ден астам қызметкері 1414 желісіне келіп түскен мыңдаған өтінішке жауап береді. Жылжымайтын мүлік мәселесі әліге дейін сұранысын жоғалтпады. 40 мың өтініштің 200-ден астамы жылжымайтын мүлік мәселесі, құқықты тіркеу, техникалық паспортты дайындау және қызметті алу құны бойынша жинақталған.
Азаматтарды ақпараттандыру мақсатында Мемлекеттік корпорация өзінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жылжымайтын мүлік бойынша ТОП-10 өзекті сұрақтың жауабын жариялады.
Еске салайық, Мемлекеттік корпорация жер құқығын тіркеуден бастап, акт дайындауға дейінгі мәселені шешеді. Бүгінде жылжымайтын мүлік мәселелері бойынша ХҚО қызметкерлері 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның қатарына жылжымайтын мүлік құқықтарын мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлік құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесін беру және тағы басқалары жатады.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында жылжымайтын мүлік мәселелеріне қатысты 1,4 миллионнан астам қызмет, оның ішінде жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу желісі бойынша 1,2 миллионнан астам қызмет, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру желісі бойынша 227 мың қызмет көрсетілді.

14 қыркүйек 2022 ж. 358 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031