Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кез-келген мәселе бойынша ортақ пайымға келуге болады – Тоқаев

Кез-келген мәселе бойынша ортақ пайымға келуге болады – Тоқаев

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр.Қазақстан астанасында әлемнің ең ықпалды көшбасшыларының басын қосып, диалог жүргізу мемлекет үшін үлкен мәртебе. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Ватикан мен Католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискке құрметімді білдіремін. Сіз діндер мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға зор үлес қостыңыз. Ежелгі әл-Азһар Ислам университетінің бас имамы, аса құрметті дәрігер шейх Ахмед ат-Тайебтің елімізге келгеніне қуаныштымын. Сізді қазақ халқы қазіргі мұсылман әлемінің көрнекті тұлғасы ретінде жоғары бағалайды. Сіз моральдық құндылықтарды ұлықтау ісіне өлшеусіз үлес қосып, діни салада адал еңбек етіп келесіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі бүгінде жаһандық деңгейде өркениет аралық диалог алаңына айналды.
«Бұл форумды өткізуде Қазақстанның бастамашылық етуі бекер емес. Себебі, қазақ жері ғасырлар бойы батыс пен шығыстың арасындағы көпірге айналды. Ұлы дала төрінде небір алып көшпелі инпериялар өмір сүрген. Діни ұстамдылық олардың барлығына бірдей ортақ. Мысалы, еліміздің Алматы облысында Қойлық дейтін ортағасырлық қаланың орны бар. Сол жерде қазба жұмыстары жүргізілді. 12-14 ғасырда осы қалада ислам және христиан, буддизм дінінің ғибадатханалары іргелес тұрғаны анықталды. Шын мәнінде Қазақстан аумағы барлық әлемдік діндердің орындары көрініс тапқан карта іспетті. Мұсылмандар Арыстан бап және Қожа Ахмет Ясауидің кесенелеріне барып зиярат етеді», - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, қазір Қазақстанда 18 конфессия, 4 мыңға жуық діни бірлестік жұмыс істейді. Бұл елдің бірегей артықшылығы деп санаймыз.

«Еліміздегі және бүкіл әлемдегі диалог пен ынтымақтастықты нығайту - Қазақстан саясатының маңызды бөлігі. Бүгінгі съезд соның айқын көрінісі. Осыған дейін үлкен форум деклорацияларында радикализм, зорлық-зомбылық және қақтығыстар табанды түрде сыналды. Қайдай идеяны желеу етсе де мұндай әрекеттер еш ақтауға келмейтіні түсінікті. Қазіргі күрделі кезеңде дін басыларының бір үстел басында жиналуы айрықша маңызды. Кез-келген мәселе бойынша ортақ пайымға келіп, тіл табысуға болатынын адамзатқа паш етуде», - дейді Президент.
14 қыркүйек 2022 ж. 368 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930