Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Сбербанк Қазақстанның" атауы "Береке банк" болып өзгереді

"Сбербанк Қазақстанның" атауы "Береке банк" болып өзгереді

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев "Сбербанк Қазақстанның" атауы "Береке банк" болып өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Шарлапаев бұл жайлы журналист Дмитрий Шишкинге берген сұхбатында айтты. Сөзінше, міндетті түрде ребрендинг жүреді. Ал меншік құқығын ауыстыру бойынша транзакция 1 қыркүйекте аяқталған.
"Жаңа банк "Береке банк" деп аталады. Қазақша жақсы сөз, мұны барлығымыз бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан бұл банк бұған дейін жұмыс істеген құндылықтар мен ұмытылысты көрсетеді деп ойлаймын және әрі қарай да солай жұмыс істейді деп үміттенеміз", – деді ол.
2022 жылдың 2 қыркүйегінде "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің Сбердің еншілес банкінің барлық акцияларын сатып алу бойынша мәмілені аяқтағаны белгілі болды.
"Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті", – делінген хабарламада.
13 қыркүйек 2022 ж. 312 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930