Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакциналау басталады

Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында тұмауға қарсы екпе науқаны қашан басталатынын айтты.
Ол 1 қазаннан бастап елде тұмауға қарсы вакцина егу басталғанын еске салды.
Жыл сайын эпидемиялық маусым басталғанға дейін біз егуді бастаймыз. Өйткені тұмау жұқтыру басталғанға дейін адамдарда иммунитет қалыптасуы керек, деді Айжан Есмағамбетова.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, республика ЖРВИ және тұмаудың эпидемиологиялық маусымының басталуына жақын, сондықтан алдын алу жұмыстары алдын ала жүргізіліп жатыр.
Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бюджеттен тұмауға қарсы 2,3 миллион доза вакцина сатып алынған. 20-25 қыркүйекке дейін облысқа байланысты жеткізу аяқталып, 1 қазанда халықты екпе егу науқаны басталады.
Бюджет қаражаты есебінен мыналар егіледі:
  • жиі ауыратын балалар;
  • диспансерлік есепте тұрған балалар;
  • жабық медициналық-әлеуметтік мекемелерде жатқан 60 жастан асқан адамдар;
  • жүкті әйелдер.
Біз жұмыс берушілермен жұмыс істеп жатырмыз, олар өз қаражаты есебінен жұмысшыларына екпе салдырсын, себебі еңбекке жарамсыздық парағын төлегенше ауырмаған дұрыс. Сонымен қатар тұрғындар өз қаражатына екпе егетін болады. Орташа алғанда, жыл сайынғы баға көп өзгерген жоқ. Былтыр 3000 теңге шамасында болса, биыл жеке секторда бұл вакцина қанша тұратынын білмейміз, деді Айжан Есмағамбетова.
11 қыркүйек 2022 ж. 309 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 71

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 73

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 71

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 65

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930