Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы қант қымбаттай ма: министр жауап берді

Келесі жылы қант қымбаттай ма: министр жауап берді

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Алматыда бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Ол кездесуде кәсіпкерлердің қант бағасы туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Министрдің сөзінше, мұндай кездесудің мақсаты - бизнес өкілдерімен араласу, олардың пікірін тыңдау. Әсіресе кәсіпкерлердің пікірі маңызды.
Министрден бизнес өкілдері қанттың келесі жылы қымбаттайтын-қымбаттамайтынын сұрады. Серік Жұманғарин қазір қанттың бағасы келісіне 460 теңге болып тұрғанын айтты.
Болжам жасасақ, екі жылда қанттың бағасы өзгермейді, осы келісіне 460 теңге деген бағадан аспайды. Ал жалпы әрі қарай қызметкерлермен қосымша 10% көлемінде келісеміз деп ойлаймын.
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин қанттың бағасын, өндірісін елде қалай қадағалайтынын түсіндірді.
Мысалы, біз қант өндірушілерге ақша бөлеміз. Оның мақсаты – жұмыспен қамту, шикі қантпен қамтамасыз ету. Өзіміздің өндіріс жұмыс істесін. Ең кемінде жылына 400 мың өнім шығарсын, елде қант болсын. Бірақ қант шетелден 460 теңгеден де арзанға келуі мүмкін. Сондықтан біз жергілікті өндірушілерді құтқару үшін қанттың минимал бағасын қоямыз. Себебі біз оларға ақша бөлеміз деп уәде бердік. Ал олар бізге нарықты жабуға кепілдік береді. Келісім осылай жүреді. Мұндай келісім болмаса, олар келешекте бізге сенбейді.
Серік Жұманғарин
Сонымен қатар министр Алматыға сапары туралы айтты. Оның ақпаратынша, өңірде өндіріс жақсы дамып жатыр.
Елде мықты мамандар, өз ісін жақсы атқаратын жұмысшылар бар. Проблема жеткізуде. Өндірістен дүкендердегі сөрелерге дейінгі жеткізуді айтып тұрмын. Ортада делдардар көп. Сондықтан біз топтастыру жағын талқыладық. Сонымен қатар бүгін мемлекет бағаны тұрақтандыру үшін қандай шаралар қарастырып жатқанын айттық. Осы сапарымда кәсіпкерлерді тыңдадым, қызық ұсыныстар айтылды. Алматыға сапарым өзім үшін пайдалы болып жатыр, - деді министр.
Айта кетейік, Серік Жұманғарин 2 қыркүйекте Сауда және интеграция министрі болып тағайындалғалы Алматыда алғаш рет кездесу ұйымдастырып отыр.
08 қыркүйек 2022 ж. 317 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930