Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауда министрі сәбіз, картоп, сүт бағаларын қалай реттейтінін түсіндірдіі

Сауда министрі сәбіз, картоп, сүт бағаларын қалай реттейтінін түсіндірдіі

Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин еліміздегі сәбіз, картоп, сүт, қарақұмық, күнбағыс майы бағаларын тұрақтандыру қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Естеріңізде болса, былтыр сәбіз бен картоп бағасына қатысты көп әңгіме болды. Біз Жамбыл, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының сәбіз бен картоп өндірушілерін жинадық. Олар гербицид, пестицид, тыңайтқыштарға 4 млрд теңге қаражат беріңіздер деп сұрап отыр. Олар сәбізбен картоптың бағасын тұрақтандырып береді. Күнбағыс майын өндірушілер бізге экспортты жауып беріңіздер дейді. Сонда шикізат елімізде қалады, ал қарақұмық өндірушілер шикі қарақұмық сатып алуға 1 млрд теңге сұрап отыр. Бағаны сол арқылы тұрақтандырамыз, - деді Серік Жұманғарин.
Ведомство басшысының айтуынша, сүт нарығында да осыған ұқсас схема жұмыс істейді.
Олар бізден құрғақ сүттің шикізатын сатып алуға 1 млрд 130 млн теңге сұрады, яғни қазір біз бүкіл қаражатты бір жерге шоғырландырамыз. Осыған дейін әр өңірдің әкімдігі ол қаражатты өз қалауынша игеретін. Енді біз ақшаның шикізат сатып алуға жұмсалуын бақылаймыз. Бұл жоғарыда аталған тауарлардың бағасы көтерілмейді деген сөз. Меморандум бір жылға жасалады, - деп түйіндеді сөзін Жұманғарин.
06 қыркүйек 2022 ж. 467 0

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 80

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 86

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30