Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-да жоғары ұпай алғандарға арнайы сыйлық тағайындалды

ҰБТ-да жоғары ұпай алғандарға арнайы сыйлық тағайындалды

Ұлттық тестілеу орталығы биылғы бірыңғай тестілеуде максималды 140 балл жинаған мектеп түлектеріне сыйлық береді. Ұлттық тестілеу орталығы биылғы сынақта максималды 140 балл жинаған мектеп түлектеріне арнайы сыйлық дайындап қойды. Бұл туралы орталық директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл ҰБТ-да ұпайды әділ жинаған әрбір түлек керемет, супер-заманауи, 4 жылда ескірмейтін, соңғы модельдегі ноутбукты сыйлыққа алады!", - деп жазды Смағұлов өзінің Facebook парақшасында.
Орталық басшысы тестілеу кезінде түсірілген әрбір бейнежазба мұқият талданатынын ескертті. Осы жұмыс 25 тамызға дейін жасалады. Егер өтініш берушінің тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталса, тест пен конкурстың нәтижесі жойылады. Бұдан бөлек, әрбір аудитория тікелей эфирге қосылып тұрады.
Айта кетейік, биыл ҰБТ-ға бірқатар өзгеріс енгізілген болатын. Атап айтқанда, бұған дейін тыйым салынған заттар табылса, мектеп түлегін тест тапсыруға жіберген. Енді, металлөткізгіштен өту кезінде тыйым салынған заттар анықталған жағдайда мектеп түлегі тестке жібірлмейді. ҰБТ-ны тек келесі жылы ғана тапсыруға мүмкіндік беріледі.


15 мамыр 2020 ж. 814 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 167

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031