Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 18%-ке қымбаттады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 18%-ке қымбаттады

Биылғы жылдың 16 тамызына қарай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар бір аптада 0,2%-ке, ай басынан бері 0,4%-ке және бір жылда 18,1%-ке қымбаттады. Бұл туралы energyprom.kz порталы хабарлады.
Елдің ірі қалаларының ішінде ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (бір жылда 21,2%), Жезқазған (20,5%) және Орал (20,4%) қалаларында тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ең аз, бірақ әлі де елеулі жыл сайынғы өсуі Қостанайда (15,8%-ке), Петропавлда (16,8%-ке) және Қарағандыда (17,8%-ке) тіркелді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арасында жылдық қарқында ең қымбаттағаны қант: бірден 92,7%-ке. Сондай-ақ пияздың (бір жылда 55,5%-ке), қарақұмықтың (26,5%-ке), тауық етінің (23,5%-ке) және келілеп сатылатын макаарон өнімдерінің (23,2%-ке) бағасы қатты қымбаттаған.
Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының ішінде сәбіз (19%-ке) және ақбас қырыққабат (6,7%-ке) арзандағаны тіркелді.
Жалпы, осы жылдың шілде айында азық-түлік бағасы айына 1%-ке, жыл басынан бері 16,9%-ке және бір жылда 19,7%-ке өсті.
"Өңір бойынша қарастырғанда ай сайынғы динамикада бағаның ең қатты қымбаттағаны Павлодар (2%-ке), Ақмола (1,9%-ке) және Абай (1,7%-ке) облыстарында тіркелді. Ай сайынғы бағаның ең аз өсімі Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында байқалды: 0,4%", - деп жазылған материалда.

Жылдық динамикада бағаның ең көп өсуі Маңғыстау (24%-ке), Ақтөбе (22,4%-ке) және Атырау (21,5%-ке) облыстарында тіркелді.
Азық-түлік тауарларының шағын топтарына келер болсақ, шілде айының қорытындысы бойынша бір айда нан өнімдері мен жарма бағасы қатты қымбаттаған: 2,9%-ке. Ет және ет өнімдері – 1,4%-ке, балық және теңіз өнімдері – 1,3%-ке, сүт өнімдері – 1,7%-ке, жұмыртқа – 2,4%-ке, майлар – 1,4%-ке, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер 4,3%-ке қымбаттады. Ал маусымдылығына байланысты жеміс-жидек пен көкөніс бағасы бір айда 4,3%-ке арзандаған.
Жылдық қарқын бойынша нан өнімдері мен жарма 26%-ке, ет және ет өнімдері – 14,3%-ке, балық және теңіз өнімдері – 18,8%-ке, сүт өнімдері – 22,7%-ке, майлар – 15,3%-ке, жемістер мен көкөністер - 14,5%-ке, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер - 44,2%-ке, жұмыртқа - 6,6%-ке қымбаттады.

29 тамыз 2022 ж. 407 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 56

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 102

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031