Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай өңірлерінде азық-түлік қымбаттады

Қазақстанның қай өңірлерінде азық-түлік қымбаттады

Жыл басынан бері елдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 6,3%-ке қымбаттаған. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 6,3%-ке өсті, оның ішінде 6 тауарлық позиция 5,3 проценттік тармақты немесе жалпы өсімнің 84%-тін құрады. Бұл маусымаралық кезеңде бағаның өсуі байқалатын көкөністер, сондай-ақ импортқа тәуелді өнімдер (қант, қарақұмық жармасы) және жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлар. Жылдық мәнде бағаның өсуі 11,8%-ті құрады», - деді Сауда министрі бүгінгі Үкімет отырысында. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының айтарлықтай қымбаттауы Түркістан облысында – 9,4%, Нұр-Сұлтан қаласында – 8,5% және Алматы қаласында – 6% тіркелген. «Бағаның ең төмен өсімі Батыс Қазақстан облысында – 5,7%, Ақмола облысында – 5,6% және Қарағанды облысында – 5,2% байқалады», - дейді Б. Сұлтанов.

10 маусым 2021 ж. 898 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031