Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар ең қауіпті онкологиялық аурудың себебін анықтады

Ғалымдар ең қауіпті онкологиялық аурудың себебін анықтады

Австралия онкологтары зерттеу жүргізіп, сүт безі обырының ең агрессивті түрінің дамуына жауапты адам генін анықтады. 
Обырдың бұл түріне шалдыққан науқастар арасында өлім-жітім деңгейі тым жоғары.
Мамандардың жүргізген зерттеуі Nature Communications журналындағы мақалада жарияланды.
Негізінде гормонға сезімтал сүт безі қатерлі ісігінің дамуы ағзада прогестерон мен эстрогеннің болуымен тікелей байланысты.
Қатерлі ісіктің бұл түрі гормондар арқылы жасалатын емге сезімтал келеді.
Алайда кейбір адам қатерлі ісіктің эстроген-рецепторы оң түрінен (ER+) зардап шегеді.
Оны басқаша IntClust2 деп те атайды. Ол сүт безі обыры түрлерінің ішіндегі ең қауіптісі. Обырдың бұл түріне шалдыққан адамның метастаздары лимфа түйіндеріне еніп, әрі қарай бүкіл организмге тарайды.
Ғалымдардың сөзінше, қатерлі ісіктің бұл типіне шалдыққан әйелдердің тең жартысы дерттен көз жұмады.
Зерттеу барысында австралиялық мамандар сүт безі обырының 119 үлгісін зерделеді. Соның ішінде IntClust2 салдарынан AAMDC гені орналасқан 11-хромосомадағы РНҚ аумағы айтарлықтай амплификацияланатыны анықталды (жүйенің бір элементтері әсерінің болмашы өзгеруінен басқа элементтер әсерінің күшеюі - ред.).
Ғалымдар метаболикалық күйзеліс кезінде бұл ісіктің дамуы үдей түсетінін айтты.
31 наурыз 2021 ж. 2 262 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 159

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031