Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Синоптиктер 25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Әлі де солтүстік-батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, түнгі және таңеретеңгі сағаттарда еліміздің шығысында тұман болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік бағыттан жел соғады, күші түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Алматы қаламында ауа райы көшпелі бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 3-8, екпіні 13 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Шымкент қаласында ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы болады.

25 тамыз 2022 ж. 319 0

Түйе бағу – тиімді кәсіп

09 қыркүйек 2025 ж. 18

Жолдар жаңарып, жаңғыруда

09 қыркүйек 2025 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930