Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның алты аймағында дауылды ескерту жарияланды

22 тамыз күні түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 22 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан күтілетін желдің екпіні - 15-20 м/с. Осы күні Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні - 15-20 м/с. 22 тамызда Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с.
22 тамыз 2022 ж. 298 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930