Аймағамбетов ата-аналардың үш жыл көтерген мәселесін шешті
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мектепке керек-жарағын алуға көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл мәселені ата-аналар үш жыл көтерді. Сондықтан осыған қатысты біз биыл екі шешім қабылдадық. Өте маңызды шешім. Біріншіден, өзіне дәл келмейтін, оқушыларға ұзын әрі оғаш көрінетін көйлектер мен костюмдерді сатып алғанын көрдік. Енді біз бұл мәселені шешу үшін қаражатты ата-ананың жеке шотына аудару туралы шешім қабылдадық. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Екіншіден, алдыңғы жылдары Солтүстік Қазақстанда бір балаға 17 мың теңгеге жуық ақша бөлінді. Кей өңірде 20 мың, кейбірінде 25 мыңнан болды. Биыл біз ең төменгі деңгейін 37 мың теңгеге дейін көтердік. Алайда кейбір өңірлерде, мәселен Алматы қаласында 43 мың теңге болады деп көбейтілді, әрине мұны біз қолдаймыз. Осы шешімдер 475 мың балаға тиесілі, олардың мәселесін шештік, - деді министр Үкімет кулуарында.
Асхат Аймағамбетовтің мектепке бір баласы барады. Ол бүгін Үкімет отырысында айтқан 36 мың теңгеге не алғанын жазды.
Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын. Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак, шалбар, жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портпледі шамамен 20 мың теңге алдым. Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни былтырғы киімдерін балам биыл да киеді, - деді Оқу-ағарту министрі.