Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде халық саны 236,7 мың адамға көбейді

Елімізде халық саны 236,7 мың адамға көбейді

Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпарат бойынша, 2022 жылғы 1 шілдеде еліміздегі халық саны 19 246,3 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%), деп хабарлайды zakon.kz.
2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда, халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2 пайыз өсті.
2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда, (139,7 мың адам) 7,7% кеміп, 128,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,51 адам.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны 198,1 мың адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (216,2 мың адам) қарағанда 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,76.
Қарастырылып отырған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусымға (76,6 мың адам) қарағанда 9,6% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,25.
2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, (1 688 шетінеген нәресте) 2,3% кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,32.
10 тамыз 2022 ж. 495 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 57

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 56

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 53

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 42

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930