Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамыз айында ауа райы қандай болады?

Тамыз айында ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронттардың өтуімен, қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі.
Атмосфералық фронттардың өтуімен, қысқа мерзімді жаңбыр жауады: елдің шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
Айдың басында, елдің солтүстік жартысындағы салқын ауа райы, солтүстік суық антициклонның әсерімен байланысты болады. Алайда, бірінші онкүндіктің соңында суық антициклонның елден тыс жерлерге, солтүстік өңірлерге ығысуымен және оңтүстік циклонның шығуымен жылы ауа массалары шығарылады, бұл температураның көтерілуіне әкеледі.
Солайша, ауа температурасы түнде +18 +23°С, күндіз +25 +33°С-қа дейін жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде: түнде +15 +20°С-тан +20 +25°С-қа дейін, күндіз +25 +32°С-тан +33 +40°С-қа дейін.
Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі, бұл ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі.
Дегенмен, суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10 +18°С-тан +18 +25°С-қа дейін, күндіз +17 +22°С-тан +25 +30°с-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28 +38°С-ты құрайды, бірақ жекелеген күндері жылудың төмендеуі болжануда.
Жаздың соңғы айы күздің алғышарттарымен аяқталады. Арктикалық теңіздердің аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық фонның елеулі төмендеуіне алып келеді.
Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2 +12°С-қа дейін, жекелеген аудандарда аязға дейін, күндіз +15 +20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10 +15°С-қа дейін, күндіз +20 +27°С-қа дейін төмендейді.
#ауа райы #тамыз айы #ауа райы болжамы
02 тамыз 2022 ж. 399 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031