Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды
Оқу-ағарту министрлігі бірінші сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау науқаны аяқталғанын хабарлады, деп жазады egemen.kz.Білім министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова атап өткендей, оқу жылының басталуына бір ай қалды, енді мектептер оқу процесін дайындау мен ұйымдастыруға кіріседі.
«Биыл мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалардың көбісі Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында екен. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдаудың жоғары пайызы Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстарында байқалады», деп қосты Гүлмира Кәрімова.
Айта кетсек, өтінімдердің 80%-ы электронды түрде берілді.














