Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция көлемі азайды

Ауыл шаруашылығына бағытталған инвестиция көлемі азайды

Осы жылдың бес айында ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі едәуір азайған, деп хабарлайды egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
«2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында ауыл, орман және балық шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемі - 342,9 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға аз», деді бюро мамандары.
Инвестицияның 155,4 млрд теңгесі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан сияқты астық егетін облыстарға бағытталған. Қаржының 63,2 пайызы бір және екі жылдық дақылдарды өсіруге, ал 25,9 пайызы мал шаруашылығын дамыту үшін жұмсалады.
«Биыл бес айда өңдеу өнеркәсібіне 599,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға аз. Инвестициялардың 78,8 пайызы - меншікті қаражат. Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестицияның 68 пайызы металлургия өндірісіне, химия өнеркәсібі мен тамақ өнімдерін өндіруге бағытталды», делінген бюро хабарламасында.
29 шілде 2022 ж. 576 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031