Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Эпидахуал: Қызылордада аурушаңдық көрсеткіші өсіп жатыр

Эпидахуал: Қызылордада аурушаңдық көрсеткіші өсіп жатыр

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенованың төрағалығымен кезектен тыс алқа мәжілісі өтті.
Оған департаменттің тиісті бөлім басшылары мен аумақтық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидахуалы және індетке қарсы алдын алу шараларынан орын алған кемшіліктер мен атқарылған жұмыстар, екіншісі коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу шараларына қатысты болды.
Биыл өңірімізде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы күрделініп, 2022 жылдың 29 аптасында ауруға күдікті 38 жағдай анықталды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 2,1 есеге өсті. Коронавирус инфекциясы бойынша да аурушаңдық көрсеткіштері күн санап өсіп келеді. Аурудың клиникалық белгілері мен анықталу жағдайлары жиілеген.
Алқа отырысы барысында аталған аурулар бойынша пролблемалық мәселелер, кемшіліктер айтылып, оларды шұғыл шешу жолдары ұсынылды. Алдын алу шараларын күшейтуге басымдық беріліп, басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
28 шілде 2022 ж. 437 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031