Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық автонесие: Қазақстандықтар несиені рәсімдеу үрдісі жайлы айтып берді

Цифрлық автонесие: Қазақстандықтар несиені рәсімдеу үрдісі жайлы айтып берді

Маусым айында Қазақстанда алғаш рет қолданыста болған көліктерге арналған цифрлық автонесие бағдарламасы іске қосылды. Несиені Freedom Bank арқылы толығымен онлайн режимінде рәсімдеуге болады. Енді құжаттарды жинаудың, банкке және арнайы ХҚО-ға барудың еш қажеті жоқ.
Қазірдің өзінде 1 миллиард теңгеден астам несие берілді. 7 мыңнан астам көлік онлайн-бағалау рәсімінен өтті. Әр сағат сайын 50-ге жуық өтініш қабылданады.
Цифрлық автонесие арқылы автокөлікті сатып алғандар тіркеудің шын мәнінде қалай өтетіні және қанша уақытқа созылатыны туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
"Есептің алдын ала жасалатыны қызық болды. Өтініш беріп көргеніміз сол еді – бірден мақұлданды. Барлығы кезең-кезеңімен, түсінікті жазылған. Бірінші қадам, екінші қадам, жалпы бес қадам бар. Біз алғашқы екі қадамнан жылдам өттік. Дереу көлікті таңдап, құнын нақтылап алдық. Банк те өз келісімін жіберді. Осылайша, бар болғаны екі күнде біз көлік сатып алдық. Яғни, басқа банктердегі автонесие секілді ешқайда барған жоқпыз. Мұның барлығы онлайн түрде өтті. Бұл өте ыңғайлы, өйткені мен балалармен үйден шыға алмаймын, оларды біреуге қалдырып, банкке жүгіре алмаймын, ол жақпен келісіп қайта АвтоХҚО-ға бара алмайтын едім. Ал мұнда барлығын қашықтан орындап, электронды түрде қол қойсақ болғаны. Басқа банктермен салыстырғанда артық төлем өте аз", - деген Тоғжан Есбергенова өзінің көлік сатып алу тәжірибесімен бөлісті.
Өзге сатып алушылар нөмір мен тіркеу куәлігін үйге дейін жеткізуге болатынын білгенде таңғалғандарын айтады.
"Барлығы өте ыңғайлы болды. Біз ешқайда шықпай, жұмысты ноутбуктың алдында отырып орындадық. Мен қазір нөмір мен тіркеу куәлігін үйге дейін жеткізушінің әкеліп беріп жатқанын әріптестерім мен достарыма айттым. Бұл мүмкіндікті Freedom Bank сыйлап отыр. Шынымды айтсам, өзге банктерден мұндайды көрген емеспін. Ең ыңғайлысы әрі тиімді тұсы мұнда басқа банктермен салыстырғанда пайыздық мөлшерлемелерінің өте төмен. Ай сайынғы төлем айырмашылығы 25-30% шамасында", - дейді Тұрар Төлегенов.
"Алғашқы әрекетті өтініш беруден бастадым. Содан кейін сатушы өз тарапынан барлық қажетті қадамдардан өтті және сонымен іс аяқталды. Келесі күні олар маған техникалық төлқұжатпен нөмірді әкеліп берді. Мен көліктің кілтін алған кезде сатушыға да қаражат сол сәтте түсті. Қазір ол білуімше, ақшаны алып үлгерді", - дейді Айбан Нығматулла.
Қорытындылай келе, цифрлық автонесиенің мынадай артықшылықтарын атап өтуге болады:
барлық қадамдар – өтінім беру, автокөлікті бағалау, жою және тіркеу, нөмірді таңдау, депозитті тіркеу және келісімге қол қою – онлайн режимінде өтеді;
толтыру үшін тек екі жол – ЖСН және телефон нөмірі;
жеделдік – өтініш жіберілген сәттен бастап кілттерді алғанға дейінгі күн. Ең жылдам рәсімдеу небәрі 3 сағатқа созылды;
балама шешімдер конструкторын пайдалана отырып, сіз өзіңізге ыңғайлы шарттарды таңдай аласыз: мөлшерлемесі және шарттары бойынша оңтайлы және ай сайынғы ең төменгі төлем;
несиеге таңдаулы нөмірдің бағасын қосуға болады;
нарықпен салыстырғанда төмен мөлшерлеме – 19%-дан (ЖТСМ 20,7%-дан бастап);
нөмірді және тіркеу куәлігін үйіңізге дейін жеткізу қызметі
Еуропадан, Оңтүстік Кореядан, АҚШ-тан, Жапониядан шығарылған автокөліктерге 15 жылдан аспайтын, ал ТМД елдерінде және Қытайда шығарылған көліктер үшін 3 жылдан аспайтын құны 1 миллион теңгеден 25 миллион теңгеге дейінгі автокөліктерді сатып алуға болады.
28 шілде 2022 ж. 525 0

Бишімбаев ісі

13 мамыр 2024 ж. 60

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 90

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031