Қазақстандықтар ипотека рәсімдейтін кезде әртүрлі мекемеге, ХҚО-ға бармайтын болды
Банкте ипотека рәсімдеу кезінде де ХҚО-ға бармауға болады. Freedom Finance, Otbasy bank-те бұл үдеріс реттелген, ЦКБ да жуырда блокчейнмен цифрлық ипотека рәсімдеуге кіріседі. Ипотека рәсімдеу кезінде халыққа қызмет көрсету орталығына барудың енді қажеті болмайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады.«Неліктен азаматтар ХҚО-ға барады? Егер әрбір қызметті қайта қарастырып, үдерістерді дұрыстап ойластыратын болсақ, ХҚО-да ұзынсонар кезек те болмас еді. Мысалы, жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер бойынша ХҚО-ға халық үш жағдайда жүгінеді.













