Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде жаңа сауда порталы іске қосылды

Елде жаңа сауда порталы іске қосылды

Платформаға шекара арқылы сатылатын 50-ден астам тауар түрі енгізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгін елде жаңа сауда порталы іске қосылды. Мамандар мұның игілігін шағын және орта бизнес көретіні айтып сүйіншіледі. Еуропалық одақ қаржыландырған портал арқылы экспорт, импорт және транзиттік жүкке қажетті ақпараттар мен құжаттар тізімі беріледі. Бұған дейін шағын және орта бизнес өкілдері халықаралық сауда рәсіміне керекті мәліметке қол жеткізу үшін арнайы қызметтерге жүгінетін. Енді барлық дерек бір жерге шоғырландырылды. Кәсіпкерлер ақпаратты тікелей өздері алады. Порталға тіркелудің қажеті жоқ. Тегін жұмыс істейді. Платформаға шекара арқылы сатылатын 50-ден астам тауар түрі енгізілген. Дені азық-түлік. Шикізаттық емес өнімдерге басымдық беріліп отыр. Мұндай платформа Қырғызстан мен Тәжікстанда іске қосылған. Қазақстан үшінші ел. Жыл соңына дейін Өзбекстан мен Түрікменстанда да пайда болмақ. Сосын 2025 жылға дейін 5 елдің порталы біріктіріледі. Сөйтіп Орталық Азия елдері өзара еркін сауда жасауды көздеп отыр.
04 шілде 2022 ж. 543 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 27

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 20

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31