Жаңа сервис іске қосылды
Еліміздің Сауда министрлігінде Derekhub.kz арқылы шешім әзірленді. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағаларын және бағаны заңсыз көтеру жағдайларын бақылауға көмектеседі.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы derekhub.kz сервисі Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) және дәрілік заттардың бағаларына мониторинг жасауға және талдауға мүмкіндік береді. derekhub.kz арқылы отандық бизнесмендер мен тұтынушылар ӘМАТ өзекті бағаларын және Сауда және интеграция министрлігі белгілеген шекті құн нормаларын көре алады.
«Мұндай платформаның идеясы пандемия кезінде тауарлар мен дәрі-дәрмектердің 10-нан 30%-ға дейін айтарлықтай қымбаттауы байқалған кезде қалыптасты. Бұған дейін ведомство белгілеген лимиттерде бағаның ұсталуын тексеру үшін барлық өңірді қамтуға мүмкіндік бермейтін ішінара тексерулер жүргізу қажет болатын. Енді бұл үшін біз әзірлеген сервисті пайдалану жеткілікті», деді Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров.
Сауда және интеграция министрлігі бизнесті, сауда объектілерін осы бастамаларға ерікті негізде қатысуға шақырады. Оның шеңберінде платформаға қатысушы компаниялар заңды мәселелер бойынша бизнесті қолдаудың тегін жедел желісіне және министрліктің атаулы сертификаттарына, сондай-ақ ӘМАТ нарықтық бағалары бойынша тұрақты талдамалық есептерге, бұлтты фискалдық құралға және dosmart ниеттестік картасына тегін жазылуға, кепілсіз кредит өнімдеріне және Альфа банктен төлем құралдарына қол жеткізе алады. Сондай-ақ ведомство тарапынан жылдың әлеуметтік жауапты кәсіпкерлеріне «Адал сатушы» («Trusted businnes») аталымы беріледі.
Платформа қанатқақты режімде іске қосылды. Кәсіпкерлер бағаларды жүктей алады және тарихты жеке кабинеттен көре алады. Ритейл-аналитика оларға тегін толық көлемде қолжетімді болады.