Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 2 шілдеде ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, оның күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік, орталық бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі.

Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15 м/с. Күндіз облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 2-3 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Күндіз 3 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында 38 градусқа дейін қатты ыстық болжанады.
01 шілде 2022 ж. 484 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 58

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 60

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031