Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан үш жылдық бюджеттен бас тартуы мүмкін

Қазақстан үш жылдық бюджеттен бас тартуы мүмкін

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджетті жоспарлау әдістемесін өзгертуді ұсынды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Годунова республикалық бюджетті қазіргідей бірден үш жылға емес, тек бір жылға жоспарлауды ұсынды. 

"Біздің ойымызша, бюджетті бір жылға жоспарлауға оралу мәселесін көтеретін кез келді. Бұл ретте шешімдердің сабақтастығын қамтамасыз етіп, бизнес пен инвесторларға қабылданған міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қажет", - деді Годунова.

Ол әлемдегі экономикалық жағдай тұрақсыз, сол себепті бюджетті үш жылға егжей-тегжей сапалы жоспарлау мүмкін емес екенін айтты."Бәріне белгілі, үш жылдық бюджет жай ғана ресми рәсім болып қалды. Оны қалыптастыруға өте көп уақыт жұмсалады. Ал орындау барысында тек бірінші базалық жыл ғана нақтыланып, түзетіледі. Қалған жылдарға біз тіпті қарамаймыз да", - деді есеп комитетінің төрағасы.

20 маусым 2022 ж. 228 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 54

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 108

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 116

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 82

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 108

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031