Ауа райы: 3 маусымда еліміздің кей өңірінде бұршақ жауады
Синоптиктер 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еліміздің батыс өңіріне, Солтүстік антициклон әліде өз әсерін тигізеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтары циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы болып, жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, дауыл, бұршақ болып, жел күшейіп, таңертең және күндіз шығыста тұман түседі, орталықта топырақ бетінде үсік жүреді», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғып, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында дауыл соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл соғып, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Түнде Ақмола облысында солтүстікте, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте жел күші 15-20 м/ жетеді.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жел күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, күндіз Павлодар облысының батысында, шығысында, орталықта, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Қарағанды облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.