Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанша ресейлік Қазақстан құжатын алды?

Қанша ресейлік Қазақстан құжатын алды?

Жыл басынан бері Қазақстанға 400 мың Ресей азаматы келді. Олардың 40 мыңнан астамы жергілікті ЖСН нөмір алды. Яғни бұл азаматтар қазақстандық банктерде есеп-шот ашып, кәсіп жүргізе алады. "Хабар 24" осы тұста таяқтың екі ұшы бар екенін ескеру керек дейді. Бір жағынан егер шет елдік компания өз кәсібін Қазақстанда жүргізіп, қажетті жұмысшыларды жергілікті жерден алса, салық төлесе мемлекет үшін пайда. Ал егер ресейлік азаматтар келіп, қазақстандық компанияларға жұмысқа орналасатын болса бұл тиімсіз. Өйткені өзіміздің қаракөздер екі қолға бір күрек таппай қалуы мүмкін.

"Президентіміз әрине тапсырма беріп отыр, Ресейден келетін бизнес үшін барлық қолайлы жағдайды жасаңдар деген. Бірақ оның екінші салдары бар. Біз жағдай жасай беретін болсақ, Ресей осы арқылы санкцияны айналып өту қадамдарын жасауы мүмкін. Ал оны ЕУ, АҚШ байқауы мүмкін. Сондықтан санкцияның бір ұшы бізге тиіп кетуі мүмкін. Сондықтан барынша сақ болуымыз қажет", - дейді сарапшы Мақсат Халық.

ТМД елдерінің өзге мемлекеттермен тауар айналымы бір жылда үш есе көбейді. Соның ішінде экспорт көлемі 42 пайызға артқан. Осылайша импорт пен экспорт арасындағы сальдо 200 миллиард доллардан асты. Бұл туралы ұйымның мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Константин Лайкам мәлімдеді. Оның айтуынша, алыс берістегі сальдо ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық валютасын тұрақтандыруға өз септігін тигізді.

Сондай-ақ, былтыр ТМД елдерінде жалпы ішкі өнім 4,7 пайызға өскен. Алдын ала болжам бойынша биыл алғашқы тоқсанда да көрсеткіштер жоғары. Экономикалық өсімге әлемдегі қымбатшылық өз септігін тигізді. Енді инфляцияны тежеу үшін ТМД елдері ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүдделі.

"Өткен жылы ТМД елдерінде инфляция 9,1 пайыз болды. Негізінен азық-түлік қымбаттаған. Егер әр мемлекет тек қара басының қамын жеп, оқшауланатын болса, мәселенің шешілмейтіні анық. Ал егер жан-жағымен жағымды қатынас орнатып, алыс-берісті арттырса, жоғын көршіден алып, артығын сатып отырса қиындықты оңай еңсеруге болады", - деді ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Константин Лайкам.

Мемлекет нарықта бағаны күштеп ұстағаннан көрі халықтың табысын арттыруға мән беруі тиіс. Яғни баға нарығына тікелей араласпауы керек. Үкімет тек өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынасты жүйелеп, жолға қоюы тиіс. Экономикалық сарапшы Мақсат Халық осындай пікірде. Оның айтуынша мамырда инфляция 13,5 пайыздан 14-ке жетті. Азық-түлік инфляциясы 17-ден 19 пайызға өсті. Бұл халықтың төлем қабылетін төмендетіп жатыр. Ал биліктің еңбек ақыны индексациялаймыз дегені 4-10 пайыз арасында ғана.

Мәселен 60 мың айлық алатын адамның жалақысына 4 пайыз қосылса 2 жарым мың теңгеге ғана көбейеді. Онсызда айлығы шәйлығынан аспайтын адам үшін бұл теңізге тамған тамшыдай ғана болмақ.

"Ұлттық қордан осы жылдың өзінде артық қаражат бөлінді. Мысалы 2,6 триллион теңге аудару керек еді ұлттық қордан. Биыл 4 триллион теңгеден астам қаржат аударды. Бірақ индексациялауға 110 миллиард теңге ғана бөлді. Сондықтан 4 триллионның ең болмаса 10 пайызын халықтың табысын, әлеуметтік төлемдерін индексациялауға жұмсау керек деп ойлаймын", - деді сарапшы Мақсат Халық.
13 маусым 2022 ж. 295 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031