Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рубль теңгеге қалай әсер етеді? SWIFT деген не?

Рубль теңгеге қалай әсер етеді? SWIFT деген не?

Ресейге салынған санкциялар Қазақстанның валюта нарығын қыспаққа алып жатыр. Кейінгі күндері Рублмен қатар теңге де құнсызданып барады. Сарапшылар төл валюта тарихтағы ең ауыр күндердің бірін бастан кешіп жатыр дейді.
SWIFT ДЕГЕН НЕ?
Ресейдің SWIFT жүйесінен ажырауы Қазақстан экономикасына да жанама әсер етеді. Нақтырақ айтқанда көрші елмен арадағы тауар айналым азайып қалуы мүмкін.Алдымен SWIFT деген не екенін түсіндіріп өтейік. SWIFT деген –ақпараттық жағынан өте жақсы қорғалған қарапайым мессенджер. Яғни, хат алмасу құралы. Сондықтан әлемнің әр түпкіріндегі 11 мың қаржылық және қаржылық емес ұйым дәл осы сенімді әрі қолайлы жүйе арқылы ақпарат алмасады. Банктер бір есепшоттан екінші есепшотқа қаржы аудару қажет деген ақпаратты бір-біріне осы жүйе арқылы жібереді. Жыл сайын шамамен 5 миллиард хабарлама өтеді. Әлемде оған балама жоқ. 1970 жылы құрылған. Жеке кооператив. Ешқандай елге бағынышты емес. Үш жарым мың иесі бар. Басқару, бақылау ісі батыстағы 10 ірі банкке берілген. Бас кеңсесі Брюсселде орналасқан. Енді ресми Мәскеу бұл жүйеден шығатын болса, Ресейлік банктер өзге елдердегі қаржы ұйымдарына ешқандай хабарлама жібере алмайды. Сәйкесінше қаржы да аударылмайды. Айта кету керек, бұған дейін Иран және Солтүстік Корея республикасы SWIFT жүйесінен ажыратылған еді.
РЕСЕЙМЕН ТАУАР АЙНАЛЫМЫ АЗАЮЫ МҮМКІН
Енді Ресей SWIFT жүйесінен ажараса, біздің елге қалай әсер етеді дегенге тоқталайық. Солтүстіктегі көрші ел – біздің ең негізгі сауда экономикалық әріптесіміз. Былтыр өзара тауар айналым 21 миллиард доллардан асты. Бірлескен кәсіпорындар, инвестиция салу жағынан да Ресей қазақстан нарығында алдыңғы орында. Енді бұл мемлекет халықаралық SWIFT жүйесінен ажыраса, Қазақстанмен де қаржы аударымдар жасай алмай қалады. Қаржы айналымында кідіріс болған соң тауар тасымалы да тежеледі. Сарапшылардың айтуынша, балама жолдар бар. Сапарбай Жобаев, экономикалық сарапшы: – Біздің кәсіпорындар Ресеймен SWIFT арқылы ақша өткіземіз. Қазақстан мен Ресей арасында SWIFT өшірілсе біз басқа жүйені істетуіміз керек. Қытайдың жүйесі ма, ресейдің өзінің жүйесін тауып па. Үлкен кәсіпорындар онша сезбеуі де мүмкін. Олар корреспондент шоттарын ашып, бір-бірімен байланыс істей береді. Ал орташа қолды кәсіпорындар ондай үлкен корреспондетский шот ашуға мүмкіндігі жоқ. Сол үшін жақсы емес бұл. SWIFT-ке кірмегеннен кейін доллардың түсіуі, еуроның түсуі өте азаяды да, рубль көбейеді. Сөйтіп Рубльдің курсы өте тез түсіп кетуі мүмкін.
РУБЛЬ ТЕҢГЕГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?
Сарапшылардың айтуынша, Ресей валютасының құнсыздануы Қазақстанның теңгесін де теңселтіп кетеді. Десе де елдің ұлттық банкі нарықтағы ахуалды жіті бақылап отырғанын, егер теңге негізсіз арзандаса, тағы да интервенсия жасауға дайын екенін хабарлады. Себебі аумалы төкпелі ахуалды спекулянттар пайдаланып, валюта бағамына кері ықпал етуі мүмкі. Сондықтан тұрғындарды сақ болуға шақырды. Қазір елдегі ақша айырбастау орындарынің көбі америка мен еуропа ақшасын сатуды тоқтатқан.
РЕСЕЙ РУБЛЬДІ ТҰРАҚТАНДЫРА АЛА МА?
Ал Ресейдегі жағдай мүлде бөлек. Мұнда SWIFT жүйесінен ажыраумен қатар, Орталық банкінің халықаралық резервтері бұғатталу қаупі бар. Ашық дереккөздердегі ақпаратқа қарағанда халықаралық активтері мен алтын қорында Кремльдің 600 миллиард доллардай қаржысы бар. Батыс елдері оның 60 процентін бұғаттауы мүмкін. Яғни Ресей валюта нарығын тұрақтандыру үшін қорда бар қаржысының тек 40 процентін ғана қолдана алады. Осындай болжамдарға байланысты Мәскеу биржасы абдырап тұр. Кейбір банктері 1 долларды 180 рубльден сатып жатыр. Бұл ресми бағамынан екі есе жоғары. Айта кетейік, Орталық банктің халықаралық резервтеріне қатысты шектеу бұған дейін Ауғанстан, Сирия, Иран, Венесуэла мемлекеттеріне қарсы қолданылған болатын.

28 ақпан 2022 ж. 632 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930