Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға қарап, келешекті көр

Жастарға қарап, келешекті көр

Жер жүзіндегі адамдарды түр-түсі, ұлты, діні, елі бойынша мыңдаған санатқа бөліп қарауға болады. Алайда әлемнің келешегі, тіршіліктегі жаңашылдық пен ескінің қателігін түзеуші ортақ топ бар. Қоғамның заманға сай көзқарасты қалыптастырып, елдің дамуына ерекше серпіліс беретін жастар міндеттерін мүлтіксіз орындауы үшін аға буынның, қоғамның қызу қолдауы керек екені даусыз. Осыған байланысты аудан әкімдігі жанынан Жастар кеңесі құрылғанына да аз уақыт өткен жоқ.
Әдетте кеңесте тиісті 35 жасқа дейінгі қазалылықтарды салалар бойынша қолдау жұмыстары баяндалады. Мұндайда аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшыларының айтары аз болмайды. Соған сай жастардың тарапынан қойылатын сауалдың да қатары қалыңдана түседі. Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев осы процеске алдымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатовты мінберге шақырды. Ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жергілікті жастарға игілігі жайында баяндады.
– 2009-2022 жылдар аралығында құны 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тұрғын үй сатып алуға берілетін несие мен бір реттік қайтарымсыз жәрдемақы үздіксіз беріліп келеді. Оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, спорт және агроөнеркәсіп саласындағы жастар игілігін көріп келеді. Бірер жыл бұрын бағдарламаға өзгерістер еніп, ауылдар, кент пен ауылдық округ әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлер де үйлі болуға мүмкіндік алды. Соның арқасында 1100-ден астам қазалылық үстеме ақысыз несиеге баспана сатып алды. Биыл үй тұрғызуға немесе сатып алуға ниетті жүз маманның қаржысы шешіліп, маусым айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді С.Қуатов.
Бұдан кейін бөлім басшысының орынбасары залдан қойылған сұрақтарға жекелей жауап берді. Мәселен, үйге мұқтаж емес жастар бағдарламаға қатысып, нәтижесінде алған баспананы жалға беріп, пайда тауып отырғаны айтылғанда, оларды тексеру мемлекеттік қызметкердің құзіретіне кірмейтінін айтты. Ал үйдің бағасы мен оны сатып алуға берілетін қаржының арасындағы алшақтық жайында министрлікке ұсыныс хат жолданған. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаевтың алдымен шалғай ауылдағы мамандардың, мемлекеттік қызметкерлерді шаңырақты етуге байланысты айтқан ұсынысын М.Әуесұлы қызу қолдай кетті.
– Елге қызмет етуге бекінген жан сондағы тіршілікпен қызу қайнаса кетуі керек. Ауылдарға қаншама жас маман барып жатыр. Бірақ аудан орталығынан қатынап жүргенін көз көрді. Үйі жоқтың, күйі болмайтынын ескерсек, мұндай мамандар толық потенциалын көрсетіп, жұмыс істей алмайды. Біраз уақыт бұрын ауыл әкімдігі мамандары ұшыраған келеңсіздікті де ұмыта қойған жоқпыз. Сондықтан елдің игілігі үшін жұмыс істеп жүрген жастардың баспана мәселесін шешуге күш салуды тапсырамын, – деді аудан әкімі.
Бұдан кейін аудан жастарын кәсіпкерлікке баулу, осы бағыттағы жоспарлар жайында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов ұзақ баяндама жасады. Қазіргі күні Қазалыда мемлекеттің басымдық берген саласына қызығушы жастар көп. Соған сай күн санап, кәсіпкерлердің саны өсім алып келеді. Өз инерциясымен жоғары көрсеткішке жетіп келе жатқан өрендер жайында баяндап берген хабарламашыға жастар тарапынан мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несиелер жайында ақпараттандыру осал деген сын айтылды. Орталық директоры Әділхан Әбілов «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында атқарылған жұмыстар жайын айтып берген еді.
Келесі сұрақ 1,2 миллион теңге көлемінде жастарға берілетін қайтарымсыз несие жайында өрбіді. «Amanat» партиясының Қазалы аудандық филиалының жанынан құрылған жастар кеңесінің төрағасы Есет Табынбаев комиссия құрамына жастарды кіріктіру туралы мәселе көтерді. Сөзінше, кәсіптен хабары бар жастар өз қатарластарының жобаларын талқылауға, оны қолдауға араласуы тиіс. Бұл әңгімені Мұхтар Әуесұлы жалғай кетті. Аудан әкімдігі тарапынан тиісті тапсырма, ресми ұсыныс болатынын тілге тиек етті де, жиында қозғалған мәселелер бойынша аудандағы жастар мәселесіне немқұрайлы қарамай, берілген әрбір тапсырмадан нәтижелі жұмыс шығаруды тапсырды. Сондай-ақ қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне өз аумақтары бойынша бау-бақша егіп жатқан жастарға жағдай жасап, жаңадан кәсіп ашушыларға қолдау көрсету керектігін атап өтті.
Кеңес соңында Мұхтар Оразбаев кадрлық өзгерістерге тоқталып, бұған дейін Қазалы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры қызметін атқарып келген Асылхан Дәрібаевты жаңа қызметке ауысуына байланысты осы уақытқа дейінгі атқарған жұмысына алғыс білдіріп, құрметпен шығарып салды. Оның орнына Нұрбек Ақпанбетовты және Қазалы қалалық жастар ресурстық орталығының басшылығына Руслан Қайырбайды тағайындап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

11 маусым 2022 ж. 564 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031