Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум - Жаңа Қазақстанның іргетасы

Референдум - Жаңа Қазақстанның іргетасы


Бүгін 5 маусым еліміздің тарихындағы елеулі оқиға конституциялық түзетулер бойынша референдум өтіп жатыр. Енгізілгелі тұрған өзгерістер мен түзетулер халықтың тікелей қатысуымен қабылдануда. Бүгінде әділетті Қазақстан құру жолында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау, саяси жүйені, әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту, жаңа экономиканы қалыптастыру секілді бірқатар маңызды міндеттер тұр. 

Жалпы, мемлекет үшін халықтың сенімінен, халықтың ықыласынан артық ештеңе жоқ деп ойлаймын. Халықтың сенімі - бұл шын мәнінде қоғамның қозғаушы күші. 

Осы ретте, дауыс беру науқанына қатысушылар жөнінде соңғы деректер көрсеткендей, ел азаматтары дауыс беру мәселесіне жауапкершілікпен қарап жатқандығын байқауға болады. Бұл ел халқының болашағының бағытын таңдауда бірдей көзқараста екенін көрсетеді.

Жалпы Қазалы ауданында бүгін 40 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда 46 389 дауыс беруші тіркелген. Референдумда дауыс беру барысын бақылау да ұйымдастырылды. «AMANAT» партиясы партия өкілдерінің сөзінше референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық дауыс беру учаскелері міндетті ережелерге сай жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелмеген. 

Ел ертеңіне үлес қосу мақсатында тұрғындардың дауыс беру белсенділігі өте жоғары. Дауыс беруге легімен келіп, дауыстарын беріп жатқан үлкен-кіші жерлестерімізді көріп, еліміздің болашағына деген сенімім нығая түсті десем де болады.


Нұрғиса ЖАЛҒАСБАЕВ,
«AMANAT» партиясы Қазалы 
аудандық филиалының Атқарушы хатшысы
05 маусым 2022 ж. 788 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 71

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 58

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 75

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 69

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 73

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031