Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемел келешек өз қолымызда

Кемел келешек өз қолымызда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өз мәресіне жетіп аяқталды. Референдум Қазақстандағы өте маңызды әрі тарихи іс-шара болды. Референдумға қатысуымыз – бұл болашаққа жасалған дұрыс таңдау, келешек ұрпақтың игілігі жолындағы іргелі іс деп білемін. Конституциямызға жасалып жатқан оң өзгерістер – жаңа бетбұрыстың бастауы.

Президентіміз қоғамда оң өзгерістер жасау, халқымызға жарқын болашақ сыйлау жолында бар күш-жігерін сарп етіп келеді. Енді міне, жұртшылықтың талабын орындап, халық үніне құлақ асатын «еститін мемлекет» қалыптастырып жатыр. Мемлекет басшысының халықтың пікіріне құлақ асып, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін референдум жариялауын дер кезінде қолға алынған қажетті бастама болды деп айтуға болады.

Жаңа Қазақстан – бұл егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Сондықтан оны құру үшін әрбір қазақстандықтың бойында Отанға, елге деген зор жауапкершілік пен сезім болуы тиіс. Өйткені біз кемел келешекті өз қолымызбен жасаймыз.

 Райымбек БӨЛЕБАЕВ, 
Қазалы аудандық мәслихатындағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
08 маусым 2022 ж. 544 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 252

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031