Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі қазалылық майдангерді мерекемен құттықтады

Облыс әкімі қазалылық майдангерді мерекемен құттықтады

Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы 7 соғыс ардагеріне барып, Президент атынан құттықтап, құрмет көрсетті.
Алдымен ол Бекарыстан би ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұлдың шаңырағында болды.
Аймақ басшысымен бірге зиялы қауым өкілдері отты жылдары кеудесін оққа тосқан батыр майдангердің ерлігіне бас иіп, ілтипат білдірді. Сондай-ақ, бұл құрмет бір күнмен шектеліп қалмайтынын, олардың ерлігі әрдайым дәріптелетінін жеткізді.
– Сіз Туланы азат етуге қатыстыңыз. Ауыр жарақат алғаныңызға қарамастан сұрапыл соғысқа қайта оралып, ерліктің үлгісін көрсеттіңіз. Елге Жеңіспен оралдыңыз.
Қазақта "Біріккен жүз, бытыраңқы мыңды алады" деген аталы сөз бар. Сіз ұрпаққа "бірліктен асқан бақыт жоқ" екенін іспен дәлелдеп, Отанға адал қызмет етуді жарқын жолын көрсеттіңіз. Келер жылы ғасырлық тойыңызды тойлауға жазсын! Әрдайым аман болыңыз! Ұрпағыңызбен мың жасаңыз,-деді Н.Нәлібаев.
Облыс әкімі майдангерге қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, арнайы сыйлықты табыс етті.
Майдангер Қабақ Смағұл елге бірлік тілеп, бата берді.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

09 мамыр 2022 ж. 653 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30