Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді объективті болуға шақырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық БАҚ-тың міндеті – елдегі және әлемдегі жағдай туралы халыққа бейтарап әрі жедел хабар тарату екенін еске салды, деп хабарлайды.Біздің журналистер ұлтты қазақстандық құндылықтардың төңірегіне топтастыру, мемлекеттілігіміз бен халық бірлігін нығайту сияқты ең маңызды миссияны атқарып жатыр... Расында да біздің заманда фейк жаңалықтар, бір сөзбен айтқанда, жалған ақпарат кең етек алды. Қазақстанға қатысты ұлттық бірлікке нұқсан келтіруді көздейтін мақсатты жалған ақпарат деп аталатын ерекше бағыт бар. Біз бұл мәселеде аса қырағы болып, арандатушылыққа бой алдырмауымыз керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президенттің айтуынша, Қазақстандағы баспа БАҚ, радио, теледидар, жалпы алғанда, «ұлтаралық қатынастар саласын объективті түрде көрсетеді».














