Бүгінгі ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еліміздің батыс бөлігінде циклонның ықпалы әсерінен, сондай-ақ фронталдық бөліктердің өтуімен ҚР оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. ҚР территориясының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етуімен, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз найзағай ойнап, тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аумақтарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.