Қазақстандағы «Kaspersky» серіктестік желісі қарқын алуда
«Kaspersky» серіктестермен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы ынтымақтастықты қорытындылады. Компанияның деректеріне сәйкес, 2022 жылдың алғашқы үш айында ғана серіктестік бағдарламаға 22 жаңа АТ-интеграторы мен реселлері қосылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Kaspersky»-мен тығыз ынтымақтастық жасайтын 54 компания бар. Компанияның серіктестік желісі еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.
«Kaspersky» - ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің ірі халықаралық әзірлеушісі.
Орталық Азияда ұйымға 250-ден астам серіктес кіреді. Дамыған серіктестік желінің арқасында «Kaspersky»-дің қорғаныс шешімдері әлемнің кез-келген жерінде қол жетімді.
«Kaspersky»-дің серіктестік бағдарламасы аясында одан әрі іске асыру үшін серіктестерінің АТ-өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар тұрақты онлайн және офлайн - тренингтер өткізеді, консультациялық көмек көрсетеді.