Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фишингтік шабуылдардың 96%-ы WhatsApp арқылы жасалады

Фишингтік шабуылдардың 96%-ы WhatsApp арқылы жасалады

Мамандар 2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы мамырға дейін әлемдегі танымал мессенджерлер арқылы фишингтік шабуылдардың динамикасын зерттеген. Олар фишингтік сілтемелер 90% жағдайда WhatsApp арқылы таралатынын анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қазақстандағы «Касперский Лабораториясының» мәліметінше, Қазақстанда да фишингтік шабуылдар, нақтырақ айтсақ 96%-ы WhatsApp арқылы жасалады екен. «Kaspersky» компаниясының Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубановтың айтуынша, фишинг-алаяқтық бұрыннан бар. «Адамдар алаяқтарға жеке деректерін өздері береді. Мұндай деректі барлық жерден кездестіруге болады: электронды пошта, СМС, әлеуметтік желілер, жарнама. Енді алаяқтар мессенджерлерді пайдалана бастады. Алданып қалған адамдар көп», – деді директор. Осыған байланысты мамандар төмендегідей кеңестер береді: Желіде сақ болыңыз және сілтеме арқылы өтпес бұрын оны мұқият тексеріңіз! Сілтеме күмән тудырса, оған өтпегеніңіз жөн; Күдік тудыратын сілтемені таратпаңыз. Себебі, алаяқтар мұндай әдісті жиі пайдаланады. Олар адамдар таныстары жіберген ақпаратқа көбірек сенетінін түсінеді; Оңай ақша табу туралы ұсыныстарға, ұтыстар туралы хабарламаларға, тегін нәрсе беру туралы ақпаратқа сенбеңіз және оған сақтықпен қараңыз!
13 шілде 2021 ж. 522 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031