Қазақстанда 99 тұрғын үйді су басты

"Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша БҚО-ның 172 үйі су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын, комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны анықталып, нақтыланды", - делінген хабарламада.
Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде су тасқыны болды. БҚО Жәнібек ауданы Жақсыбай елді мекенінде су басу салдарынан 108 бас мал қырылғаны хабарланды.
"Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 8 елді мекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды.841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарында орналастырылды", - деді ТЖМ өкілдері.

Автожолдарда барлығы 24 су тасқыны тіркелді, оның ішінде республикалық маңызы бар - 4, облыстық - 2, жергілікті - 18, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесі шайылды: республикалық - 1, жергілікті - 13.

"Өңірлер аумағында су тасқынынан туындаған ТЖ тәуекелдерін төмендету мақсатында ЖАО және ТЖМ күштерімен 719,65 мың текше метр еріген суды сору, инертті материалдары бар 24 191 қап төсеу, сондай-ақ 250 шаршы метр алаңда өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.

БҚО Жәнібек ауданына шұғыл шаралар қабылдау үшін Атырау облысы ТЖД құтқару тобы МИ-8 тікұшағымен жіберілді.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша алдағы тәулікте Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын жауады.