Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жатақхана тұрғындарының ұсыныстары оң шешім тапты

Жатақхана тұрғындарының ұсыныстары оң шешім тапты

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлерді әрдайым ескеріп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерініңкезең-кезеңімен шешілуін назардан тыс қалдырмайды.
Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Әйтеке би кентіндегі көне ауруханада орналасқан жатақханада кәріз жүйелері жаңартылып, ғимарат ішіне әжетханалар орнатылды. Сонымен қатар, қол жуатын раквиналар қойылды.
Жатақхана тұрғындары өздеріне қолайсыздық тудырған жайт туралы өткен жылы аудан басшысымен кездесуде айтқан болатын. Бұл күнде бұл мәселелер шешімін тапты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен өткен кездесуде жатақхана тұрғындары халықтың өтініш-тілектерін жерде қалдырмай, игілікті іс жасағаны үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Тұрғындармен тілдескен соң Мұхтар Әуесұлы жатақхананы аралап, орындалған жұмыстарды көрді. Тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеме директорына құрылыс жұмыстарына қатысты бірқатар ескертпелер жасап, тез арада қалыпқа келтіруді тапсырды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

01 сәуір 2022 ж. 341 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 239

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031