Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рамазан-2022. Вакцина салдырғанда ораза бұзыла ма?

Рамазан-2022. Вакцина салдырғанда ораза бұзыла ма?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында наиб мүфти Ершат қажы Оңғар хабарлады.
Екпенің құрамында қоректік заты болмаса, емдік қасиеті бар инелерді салдыруға болады. Ол оразаны бұзбайды. Демек, вакцина қабылдау оразаны бұзбайды, - деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ наиб мүфти оразаның қай жағдайларда бұзылатынына тоқталды. Оның айтуынша, төмендегі жағдайлар оразаны бұзады.
• Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
• Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау;
• Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
• Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады;
• Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).

#екпе #Ораза айы #Рамазан-2022
28 наурыз 2022 ж. 871 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 31

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930