Жер дүниені жаңартып, көктем келді, жыл келді
Орталық көше бойына жіпке тізген моншақтай қатар орналасқан қазақы киіз үйлер, оның алдында ақ қардай камзол киген әжелер, бір-бірін қуалай ойнаған балалар, дауысы алысқа жететін ән мен күй-мұның бәрі Наурыз тойында иісі түркі халқының жанына рақат сыйлайды. Ежелгі Русьте 1700 жылдары ауқымды тойланатын жыл басы мерекесінің бүгін де маңызы орасан. Адамзатқа қасірет әкелген пандемияның әсерінен бірнеше жыл Наурыз тойы тойланбағаны көңілді жабырқатқаны рас. Алайда кеше ғана Әйтеке би кентіндегі орталық алаңда үлкен Наурыз тойы өтіп, қазалылықтардың сағынышы басылды десек жарасады.
Орталық алаңның алдынан өтетін Қашақбай Пірімов көшесіне он киіз үй тігілген. Жаңа жылды атап өтуге шыққан тұрғындар сонда жайылған дастарқаннан дәм татып, наурыз көжеге қарық болды. Жастар жағы алаңға қойылған алтыбақанда асыр салып, білекті жігіттер гір көтеру сайысына қатысты. Бұдан бөлек асық атудан мықтылар сынға түсті. Ал түрлі қойылым орталық алаң қақпасынан бастау алған. Қазақша жыл атауларымен белгіленген аялдамалардың алғашқысын Қазалы көлік-техникалық колледжі студенттері бастаған. Шеберлермен бірлесе жасаған ұсталық бұйымдары көрген жандардың таңданысын тудырды. Ұлттық өнерді паш еткендер Наурыз тойының сәнін келтіріп тұрды.
№266 мектеп-лицей ұжымы «Достық пен сенім» атауымен қойылым көрсетіп, ұлттық бұйымдардан көрме жасады. Тойды тамашалауға келген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен ел ағаларын әр ұлттың образына кірген ұстаздар Наурыз мерекесімен бірнеше тілде құттықтады. Олар бауырлас елдердің биін билеп, көздің жауын алатын қимылдарымен көпшіліктің көңілін одан әрі еселей түсті.
Тойға жиналған қауым бұдан кейін «Ақбота» балабақшасының алаңқайында ұйымдастырылған «Тұсаукесер» рәсімін тамашалап, балақайдың қадамына құтты болсын айтты. Ақ кимешекті әже мен ибалы келіннің рөлін сомдаған тәрбиешілер көптің көңілінен шығу үшін барын салғаны көрініп-ақ тұр.
Ал «Барыс жылы» деп аталған орында балалар жылына орай бүлдіршіндердің өнерін ұсыну жөн көрініпті. Алдымен жануарлар кейпіне кірген тәрбиешілер мың бұрала билеп, артынша бөбектер ортаға жүгіріп шықты. Жүздеріне қуаныш ұялатып, өнерін ұсынған балаларға қошемет көрсетпеген жан кемде-кем. Өскелең ұрпақтың Наурыз мерекесіне деген ерекше құрметін, ықыласын оятуда мұндай шараның маңызы зорын көзбен көрдік.

Бұдан бөлек алаңда Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың аялдамасы байқалды. Керегелерге жастар жанашырының суреті ілінген. Мұны аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары ұйымдастырса керек. Аудан әкімі аялдамаға жақындағанда алдынан Ғани шығып, мерекелік тілегін арнады. М.Әуесұлының елді дамыту мен жастарды қолдаудан аянып қалмайтынына сенетінін орындаушы шындай жеткізді. Бұл уақытта келесі аялдамада ертегі желісі бойынша көрініс көрсетіліп жатты.
Әрі қарай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шығармашылық ұжымы әзірлеген мерекелік думан басталды. Ұлттық нақышта «Қара жорға» билеген жастар тойдың көркін одан әрі қыздырды. «Күн мен Түннің теңелуі», тойбастар, шуақты көктем айлары, Қыдыр атаның батасы сияқты театрландырылған қойылымдар нағыз қазақы жаңа жылдың келіп жеткенін аңғартты.
Дәстүр бойынша ауданның тізгінін ұстап отырған Мұхтар Әуесұлы ізгілік пен берекенің бастауы болған Наурыз мерекесімен жиналған жұртты құттықтады.
– Қадірлі ағайын! Тарихы тереңде жатқан, барлық түркі жұртының ұлттық құндылығын біріктіріп, жаңа жыл басын білдіретін Наурыз берекесі елімізге құтпен келсін. Балалардың жүзінен күлкісі кетпей, қарияларымыз қуатты болсын. Осы уақытқа дейін қолға алынған ауқымды жобалар, елдің әлеуетін көтеру үшін жасалып жатқан жұмыстар егемен еліміздің іргесін нығайтуды, азаматтарға лайықты орта қалыптастыруды көздейді. Сол жолда сіздер де еңбектеніп келесіздер. Осынау мерекеде әрбіріңіздің дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман болсын! – деді аудан әкімі.
***
Еліміздің түкпір-түкпірінде наурыз тойы қайта тойланып, жұртшылық мәре-сәре күйге бөленді. Таңсәріден орталық алаңға жиналып, Қазалы қаласының халқы да мерекені керемет көңіл-күймен қарсы алды. Қала орталығындағы ардагерлер алаңында киіз үйлер мен арнайы шатырлар тігіліп, келген қонақтарға дәм ұсынылды.
Мерекеге орай құттықтау сөз алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев: «Ардақты ағайындар, қадірлі жерлестер, құрметті қала қонақтары баршаңызды Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан бұл мереке адам баласының бір-біріне сыйластығын арттырады. Наурыз күннің ұзаратын, ақтың молаятын, күн нұрының нұрланатын, жер ананың оянатын шағы. Міне, бүгін барлығы қала орталығына жиналып, бір-бірімен қауышып, бір-біріне ыстық ықыласын танытып жатыр. Осы қуанышымыз ұзағынан болсын. Жылдың басы елімізге тыныштық әкелсін, аспанымыз ашық, жеріміз құнарлы, суымыз мол, егініміз бітік болсын. Наурыздан наурызға аман-есен жете берейік», – деген тілегін арнады.
«Наурызым – жыл басы төрлет» аталған мерекелік концерттің шымылдығы өнерпаз қыз-жігіттердің көңілді ән-жырымен ашылды. Биші қыздар мың бұрала билеп, ақ жаулықта ана келушілерге шашу шашты. Өсиет-өнеге толы термелер тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, көңілін серпілтті. Сахна төріне қос періштесімен қатар көтерілген Қыдыр баба елдің амандығын тілеп, батасын берді. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты мейлінше насихаттауға тырысқан мекеме ұжымдар өз өнерлерін ортаға салды. «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы «Шілдехана», «Ақерке» балабақшасы «Бесікке салу», М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей «Тұсау кесер», Ғ.Мұратбаев атындағы №17 мектеп «Құда түсу», Қ.Нұрмаханов атындағы №95 мектеп «Қыз ұзату», Қазалы аграрлы-техникалық колледжі ұжымы «Келін түсіру» салтын сахналады. №16 мектеп-лицей оқушыларынан құралған «Айгөлек» және №95 мектеп оқушыларының «Шашу» бишілер тобы мерекелік кешті одан әрі көркемдей түсті. Өнерпаздар Толғанай Жетеулиева «Наурыз думан», Асылбек Көшербаев «Әриайдай», Ғасырбек Аралхан «Наурыз», Айбек Мамбетов «Қазағымның салт-дәстүрлері», Еркін Құдабаев «Мереке», Бақыткелді Надиров «Туған жер» әндерін шырқады.
Қазалы қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұжымының ұйымдастыруымен өткен спорттық жарыстарда қол күресінен Мәди Досымов үшінші, Нұрбек Мамбетов екінші орын иеленді. Бірінші орын Дәурен Исмайловқа бұйырды. Гір тасын көтеру сайысында 71 рет көтерген Мейрамбек Бөлекбаев бірінші орынды жеңіп алды. Есен Қаныш пен Есет Ақбердиев екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті. Арқан тарту сынында батыс жастарының бәсі биік болды. Олар бірінші орын иеленді. Спорт мектебінің командасы екінші, орталық жастарынан құралған команда үшінші орынды қанжығаға байлады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ,
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА