Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тату елдің тойы

Тату елдің тойы

Биыл Сыр елі Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтті. Орталық алаңда 30 киіз үй тігіліп, әр киіз үйге заманға сай өзіндік атау берілді: «Шығыс жұлдызы», «Рухани жаңғыру», «Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл» және тағы басқа. Халықтың қабат келген қос тойына Қазалы ауданы да үлесін қосып, «Жанқожа батыр ауылы» деп аталатын киіз үй тікті. Мұнда келген қонақтар тәтті тағамдардан дәм татып, қызықты ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады.
Одан бөлек, арнайы павильондарда Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылына арналған көрме ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері орналастырылды.
Мерекелік іс-шара барысында қазақша күрес, асық ату, арқан тарту, батпан көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылды, сахналық көріністер мен концерт көрсетілді.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.
«Биыл біз Астананың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын тойламақпыз. Наурыз бен наурыз аралығында Сыр өңірі де желкенді жетістіктер мен тағылымды табыстар ордасына айналды. 2018 жыл облысымызда жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы деп жарияланды. Сұлу Сырдың сол жағалауынан жаңа қала бой көтеруде. Елордамыз Астананы газдандыру – біздің Сыр өңірінен бастау алатыны біз үшін үлкен қуаныш. Осындай жақсылығы мол ізгі істермен Наурыз мейрамына аман-есен жетіп отырайық», – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі Титов мөлтек ауданындағы бұрынғы апатты үй тұрғындары қоныстанған Тасбөгет кентіндегі мөлтек ауданға барып, жағдайларымен танысып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Мереке қарсаңында жаңа үйге жайғасқан тұрғындар аймақ басшысына мәселелерін тез арада шешіп бергені үшін алғыс айтты.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
27 наурыз 2018 ж. 1 428 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930