Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көліктерге неге "Z" белгісін жапсыруға болмайтынын түсіндірді

Көліктерге неге "Z" белгісін жапсыруға болмайтынын түсіндірді

"Z" және "V" белгілерін көлігіне жапсырған қазақстандық жүргізушілер полиция учаскесіне жеткізілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz

"Отырар" басылымының ақпаратынша, Шымкентте жүргізушіге 5 АЕК (15 315 теңге) айыппұл салынған. Ол "Z" белгісін автокөлігінің артқы әйнегіне жапсырып алыпты. Ал бұл "Көлікті пайдалану ережелерін бұзу" 590-бабы 5-тармағына қайшы келеді. Бұл бап бойынша бекітілген талаптарға сай келмейтін көлікті жүргізуге болмайды.
Атап айтқанда, жүргізуші орнынан жолды көру мүмкіндігін шектейтін қосымша заттарды көлікке орнатуға тыйым салынады.
Бұған дейін БАҚ "Z" жапсырмасы бар автокөліктер Орал мен Алматыда байқалғанын хабарлаған еді. Алайда жергілікті жүргізушілерге айыппұл салынғаны туралы ештеңе айтылмады.
Батыс Қазақстан облысының полициясы "Уральская неделя" басылымына хабарлағандай, "Z" және "V" латын әріптері жапсырылған көліктер табылған жағдайда, жүргізушілер мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізіледі.
Мұндай жүргізушілерді тоқтату сәті видеоға жазылады.
айта кетсек, ресейлік автокөлік иелері Украинада әскери операция басталғаннан кейін өз көлігіне "Z" белгісін жапсыра бастаған.
Дәл осындай белгі операцияға қатысып жатқан Ресейдің әскери техникаларында да бар. Кейінірек Ресейдің қорғаныс министрлігі бұл әріптердің мағынасын түсіндірді: "Z" – "Жеңіс үшін", V - "Күшіміз шындықта", "Міндет орындалады".
06 наурыз 2022 ж. 513 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031