Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін

Полицейлер құжатсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға алуы мүмкін

Көлікті құжатсыз басқарған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Кей жағдайда көлік айып тұрағына қойылады.
Полицейлер жеке куәліксіз немесе жүргізуші құжатынсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға ала алады. Көлік айып тұрағына қойылуы мүмкін.

 "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 1-бөлігіне сәйкес, көлікті құжатсыз басқарған жүргізушілер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер жағдай бірінші рет тіркелсе, ескерту жасалады немесе 5 АЕК көлеміндегі (14 585 теңге) айыппұл салынады. Жүргізуші құжат мәліметін айтудан бас тартса немесе жалған ақпарат берсе, ІІБ қызметкерлері жүргізушіні қамауға ала алады. Мұндай жағдайда көлік айып тұрағына қойылады", - делінген жауапта.
Министрлік полицейлер құжатсыз жүргізушінің тұлғасы қандай жағдайда және қалай анықталатынын нақтыламады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 785-бабында аты-жөнін анықтау үшін тәртіп бұзушыны ұстауға болатыны жазылған. Ал 789-бапқа сәйкес, оны 3 сағаттан артық қамауда ұстауға болмайды.
Сондай-ақ, кодекстің 797-бабы бойынша полицейлер рөлге құжатсыз отырған жүргізушінің көлігін айып тұрағына жіберуге құқылы.
Еске сала кетсек, 2021 жылдың 13 ақпанынан бастап қазақстандықтарға техникалық төлқұжат пен жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат берілген болатын. Алайда жеке куәлік алып жүруі керек.
24 ақпан 2021 ж. 2 513 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031