Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Субсидия шаруашылықты шалқытады

Субсидия шаруашылықты шалқытады

Сырдария бойын жағалай қоныс тепкен жұрттың арасында қазалылықтар да бар. Былтыр қуаңшылық салдарынан біршама малынан айырылып, бүгінде аман қалған төрт түліктің жемін тауып беруге қиналып отыр. Бұдан бөлек ауылшаруашылық саласының дамуына септесіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлердің де жағдайы мәз емес. Сырттан қараған адам өз тіршілігін күйттеп отырған қазалылықтардың бұдан да басқа қанша мәселесі бар екенін бірден ұғына қоймас. Ал көптің көкейінде жүрген келеңсіздіктер кеше аудан әкімдігінде мәжіліс депутаттарымен болған жиында айтылды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Ғалым Әміреев жылына кемі екі рет сапарлап келуді әдетке айналдырған. Жергілікті тыныс-тіршілікпен танысып, медицина, теміржол саласындағы қызметкерлермен кездеседі. Былтыр су тапшылығына байланысты көптің тілегін Ғалым Әміреев министрлікке жеткізіп, шешу жолдарын талқылағанын білеміз. Ал кешегі кездесу басқа мәтінде өрбіді. Аудан атқамінерлері мал шаруашылығын субсидиялауға байланысты мәселе көтерді.
«Сыр маржаны» серіктестігінің басшысы Мінәжадин Өтеев пен «Қазалы несие» серіктестігінің иесі Қасқырбай Әлімбай егін шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті көбейту туралы ұсыныс айтты. Облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп жергілікті балабақшалардың бюджетін бала санына байланысты бөлу қисынсыз екенін мәлімдеді. Өйткені соның салдарына тәрбиешілердің жалақысы қысқарып, несиелеріне жетпей қалған. Сонымен бірге басшысы жоқ алты мектептің директоры тағайындалмағанын мәселе етіп көтерді.
Меймандарға құлаққағыс айтудан аудандық мәслихат депутаттары да қалыс қалмады. Мәселен Ғазиз Әліш мемлекеттік сатып алуға байланысты өзі байқаған келеңсіздіктерді жасырмай айтты. Жергілікті мектептің бірінде ет өнімін жеткізуді Павлодар қаласынан кәсіпкер ұтып алған. Алайда жеткізуші мен қабылдаушының арасы алыс болғандықтан, күнделікті тапсырысты орындай алмай отыр. Бұл күні мемлекеттік сатып алу жүйесінің осындай келеңсіздіктерін еңсеретін жүйе ойлап табу керектігі айтылды. Ал ат спорты федерациясының төрағасы Байғабыл Пірманов жұрт көкейінде жүрген ұсыныс-пікірін білдірді. Мәжілісмендер көтерілген мәселелерді міндетті түрде жауапты азаматтарға жеткізетіндерін айтып, уәде берді.
Бұдан кейін халық қалаулылары ауданаралық ауруханаға, Қазалы жоғары көлік техникалық колледжіне барып, қызметкерлермен кездесті. «Nur Otan» партиясының Қазалы аудандық филалының кеңсесінде барып, жеке қабылдау өткізді.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
19 ақпан 2022 ж. 555 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031