Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада тұман, түнде көктайғақ болады

Қызылордада тұман, түнде көктайғақ болады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде желдің күшеюі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Алматы облысында Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында, тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
                kyzylorda-news.kz
06 желтоқсан 2021 ж. 466 0

Қазалыдағы қос қуаныш

23 наурыз 2025 ж. 130

Нұршашты көктем жыл басы

23 наурыз 2025 ж. 180

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31