Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тегін дәрі-дәрмек қандай науқастарға беріледі?

Тегін дәрі-дәрмек қандай науқастарға беріледі?

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының қызметі туралы өткен брифингте айтты.

Қор тарапынан мақсатты топтағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылдың І жарты жылдығында Нұр-Сұлтан қаласында 5,43 млрд теңге сомасына 438 057 тегін рецепт бойынша 147 173 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биыл бұл мәселені шешуде ілгерілеушілік бар, алдағы уақытта да бұл мәселеге мониторинг жүргізіледі. Себебі Қор пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша «СҚ-Фармация» және медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды, - деді ол.

Нұрлыбек Қабдықапаров қандай санаттағы науқастар дәрімен қамтамасыз етілгенін айтты.
COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2021 жылдың 6 айында 104,07 млн теңге сомасына 26 226 рецепт бойынша 19 472 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: COVID-19 коронавирус инфекциясы. Коронавирус COVID-19, идентификацияланбаған вирус (U07.2) диагноздары бойынша 88,48 млн теңге сомасына 14 117 рецептімен 9 851 пациент дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, - деді ол.

Оның айтуынша, COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған науқастар, ПТР-тест нәтижесіне қарамастан, тек емдеуші дәрігерінің тағайындауы бойынша ыстық түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды өзі тіркелген емханадан ала алады.
29 шілде 2021 ж. 512 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930