Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цой коронавирустың жаңа штамына қатысты ақпарат бөлісті

Цой коронавирустың жаңа штамына қатысты ақпарат бөлісті

Омикронмен қайта ауырып қалу қаупі жоғары деген ақпарат шығып жатыр. Дегенмен осы мәселеге қатысты мәлімет тым аз, деді министр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың омикрон-штамына қатысты соңғы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz
 Министр жазбасында алдымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасады. Одан кейін жаңа штамм бойынша негізгі мәселелерге тоқталды.
"Біріншіден, басқа штамдарға қарағанда омикронның таралу қаупі жоғары ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Иә, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың шарықтау шегі байқалады. Алайда эпидемиологиялық зерттеулер аяқталмай жатып, жаңа штамның таралу жағынан күшті екенін айтуға болмайды. Екіншіден, Омикронның адамды ауыр жағдайға түсіру жағы да толық зерттелмеген. Осы штамның симптоматикасы COVID-19-дың басқа үлгілерінен қаншалықты өзгеше екені әзірше беймәлім", - деп жазды Цой.
Алдын ала мәліметтер бойынша Оңтүстік Африка Республикасында науқастарды ауруханаға жатқызу көрсеткіші артқан. Бірақ қауіп-қатер тобына кіретін адамдардың көптеп ауырғаннан кейін пациенттердің саны өсуі де мүмкін.
"Омикронмен қайта ауырып қалу қаупі жоғары деген ақпарат шығып жатыр. Дегенмен осы мәселеге қатысты мәлімет тым аз. Төртіншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Омикрон вакцинаның тиімділігіне қалай әсер ететінін зерттеп жатыр. Қазіргі кезде вакциналардың тиімділігі жоғары, екпе ауыр жағдайдан және өлімнен сақтайды", - деп атап көрсетті Цой.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі ПТР-тест те омикрон-штамды оңай анықтай алады. Ал кортикостероидтер мен интерлейкиин-6 ингибиторларының көмегімен омикрон-штамға қарсы тиімді емдеу шараларын жүргізуге болады. Басқа препараттардың тиімділігі зерделеніп жатыр.


29 қараша 2021 ж. 506 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 606

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 050

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031