Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру

Басты мақсат – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру

«Nur Otan» партиясы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында ауқымды істер атқарып келеді.
Осы мақсатты көздеген партия алдағы бес жылда әрбір облыс, қала, ауданды дамытудың тың жоспарын жасап, оны жүзеге асыру бойынша «Жол карталарын» бекітті. Қазір осы құжаттың іске асырылуы қатаң қадағалануда.
Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленген Қазалы ауданы бойынша «Жол картасы» 7 бағытты қамтитын 114 іс-шарадан тұрады. Жыл басынан бері аталған «Жол картасының» шеңберінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылды.
Бүгінде ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту, оның ішінде саудаға қарағанда өнім өндіру бағытында жұмысты жандандыру – алдағы негізгі міндеттердің бірі болып отыр. Осы орайда «Жол картасы» аясында ауданда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жыл басынан бері 8 кәсіпкерлік жоба іске қосылса, 3-уінің қуаттылығы кеңейтілді.
Ауданда инженерлік-инфрақұрылымды дамыту мәселесі басты назарда. Себебі жер кезегінде тұрған тұрғындар саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Жол картасында 2021 жылы ауданның 40 отбасын жер учаскесімен қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күні инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелерден 79 отбасыға жер берілді.
Баспана мәселесін шешу үшін де көптеген жоба қолға алынды. Биылғы жылға 48 пәтерді пайдалануға беру межеленіп, бүгінгі күні толығымен орындалды. Сонымен қатар, жалға берілетін үйлерді сатып алуға 388 млн теңге қаржы қаралды. Бұған жыл соңына дейін толығымен көлемі 60 шаршы метрден кем болмайтын 35 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр.
Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Осыған орай, Жанқожа ­батыр мен Майдакөл ауылдарындағы тұрғын үйлерге сервистік ауызсу желісін қосу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Елді мекендерді газбен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Қазалы қаласын газбен жабдықтау жұмысын толығымен аяқтау жоспарланды. Бүгінгі күні 52 шақырым газ құбыры жүргізілді. Бас мердігермен бекітілген жұмыстарды орындау кестесіне сәйкес аталған құрылысты жыл соңына дейін аяқтау ­жоспарлануда.
2021 жылы жобада көзделген аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 64 шақырымды құрайтын жолды жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 1,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, аудан бойынша елді мекенішілік 33 көше жөнделуде. Әйтеке би кентінен жалпы ұзындығы 34,3 шақырым болатын 12 көше, Қазалы қаласынан 8,2 шақырым болатын 10 көшеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, ауылдық елді мекендегі ұзындығы 8,6 шақырым болатын 11 көше жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 23,1 шақырым болатын 21 көшенің жұмысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Осы салада атқарған жұмыстардың нәтижесінде ауданның жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 80,3 процентке жеткізу жоспарлануда.
Экологиялық мәселелерді жоюдың бір алғышарты – өңірімізді көгалдандыру екені белгілі. Осы орайда биыл «Жол картасы» бойынша ауданда 68 317 түп ағаш отырғызу көзделді. Ал қазір елді мекендердің айналасында қосымша 1 гектар алаңға жасыл белдеу жасалып, барлығын қоса алғанда 248 мың көшет отырғызылған.
Бұқаралық спорт үшін жағдай жасау мақсатында 2021 жылы Әйтеке би кентінің «Достық» шағын ауданындағы спорт алаңының және №165 мектебі аумағындағы спорт алаңының құрылысы басталды. Одан бөлек, Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан мен Жалдыбай жырау көшелерінің қиылысындағы спорттық ойын алаңының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Жол картасындағы» кәсіпкерлерді қолдау, өмір сүру жағдайын жақсарту, таза ауызсу және орталықтандырылған газ, интернетпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасау және тағы басқа бағыттар бойынша нысанды көрсеткіштер жүзеге асуда.
2022 жылы да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Жол картасындағы» жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Жоба аясында келер жылға аудандық маңызы бар жолдарды күрделі және орташа жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 902 млн теңге қаржы қарастыру жоспарлануда.
Партияның сайлауалды бағдарламасы халыққа қажетті нақты жобалардан құралған. Сондықтан біз индикаторларды уақытында сапалы орындау арқылы елдің әлеуетін көтеруге, әр тұрғынның өмір сүру сапасы мен әл-ауқатының жақсаруына жұмыс жасайтын боламыз. Біздің негізгі міндетіміз – сайлауалды уәделерді орындау және дауыс берушілердің сенімін ақтау.

Мұхтар ОРАЗБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы
Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі

20 қараша 2021 ж. 389 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031