Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр бензиннің тағы қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Министр бензиннің тағы қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Энергетика министрлігі жанармай бағасын тұрақтандыра алмайды. Мағзұм Мырзағалиев, тіпті бензин алдағы уақытта қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz
Біз екі мәселені миымызда ұстауымыз керек. Ең біріншіден, Бренд маркалы мұнайдың әлемдік бағасына тәуелділігі. Екіншіден, біздің көрші елдердегі қалыптасқан бағадан айырмашылық үлкен болмауы тиіс.
Биыл еліміздің бірнеше өңірінде жанар-жағармай бағасы қымбаттады. Ол бірінші кезекте мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуымен байланысты. Енді мұндай жағдайдың алдын алу үшін зауыттар үш жылда бір рет қана күрделі жөндеуден өткізіледі.
 Энергетика министрі мұны бақылауда ұстаймыз деп отыр. Биыл Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты жөндеуге уақытша жабылып, артынша жанармай бағасының күрт қымбаттауына байланысты мерзімінен бұрын қайта ашылған. Елде жанармайды тұтыну көлемі жыл санап артып келеді. "Сондықтан оны өндірушіден бастап тасымалдаушыға дейін бақылау күшейеді", - деді министр Мырзағалиев.
 Алдағы жылдан бастап жанармайдың тасымалдауына, оның қайда кетіп жатқанына жіті мән береміз. Сондай-ақ елде жанармайдың қорын жасақтау керек. Біз жауапты компаниялармен ақылдасып, жыл соңына дейін мәселенің шешімен табуға тырысамыз.

19 қараша 2021 ж. 277 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031